5 сәуір

Астанада «Қазақстан таза спорт үшін!» семинары өтті

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесіп, «Қазақстан таза спорт үшін!» тақырыбында допингті қолдануға қарсы әрекет бағдарламасының көкейкесті сұрақтары бойынша білім беру семинарын өткізді. Семинарды жүргізуші «Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚҚ-ның директоры М. Бақашева болды.

Семинар бағдарламасында спортшының «таза» спортқа құқығын қорғаудағы негізгі мәселелер, тыйым салынған субстанцияларды ережеден тыс терапиялық мақсатта пайдалануға өтініш берудің рәсімдері, Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс қағидаларын, Халықаралық стандарттарды және Спорт түрлері бойынша допингке қарсы қағидаларды дұрыс қолдану және оның интерпретациясы қарастырылды.

Семинарға допингке қарсы жұмысқа жауапты өкілдер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қызметкерлері, спорт түрлері бойынша федерациялардың, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының, олимпиадаға дайындық орталықтардың өкілдері шақырылды.

Өтетін жері: Астана қаласы, Қабанбай батыр 45а, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, өткізу уақыты: 15.00-17.00