3 ақпан

Даулет Тұрлыханов Федерацияның жаңа вице-президенті

Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұндай шешім Алматы қаласында өткен Республикалық қоғамдық бірлестіктің Атқарушы комитеті бюросының кезекті отырысында қабылданды.

Бұдан былай қазақ құрамасының мақтанышы, классикалық күрес өнерінің майталманы, күрес әлемінің тарихына атын алтын әріппен жазып кеткен Дәулет Болатұлы Ұлттық құрамамыздың грек-рим стилін дамыту мәселесі бойынша жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, грек-рим күресін дамыту мәселесін қарастыратын вице-президент лауазымы бұрын сонды болмаған. Жаңа мансапта тәжірибесі мол, халқының сүйікті спортшыларының бірі, ұл мақтанышы болып табылатын азаматтың жайғасуы келесі төртжылдықтың жақсы бастамасы іспеттес. Федерацияда Даулет ағамыздың сапқа оралуы үлкен бастамаларға, Қазақстан құрамасының классикалық күресін қайта жаңғыртуға әкеп соқтыратынына кәміл сенеді.