21 ақпан

Елена Коломина Азия ойындарында тағы медаль жеңіп алды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Елена Коломина екінші жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz порталы.

12123123123123

Қазақстандық шаңғышы 10 шақырымға еркін жүгіру сайысында қола жеңіп алды. Бұл жарыста алтын жүлдені 30:24.6 көрсеткішке ие болған жапониялық Юки Кобаяши алса, одан 49.8 секунд қалып қойған оңтүстік кореялық Чэ Вон Ли күміс жүлдені иеленді. Бұл Коломинананың VIII қысқы Азия ойындарында олжалап отырған екінші жүлдесі. Бұған дейін ол классикалық әдіспен спринт жарысында күміс жүлдені жеңіп алған еді.