27 ақпан

ҚР ҰОК президенті VIII қысқы Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Саппородағы VIII қысқы Азия ойындарына қатысушыларды Азиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады. Құттықтау xатында медаль жеңіп алып, спорт сайыстарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға алғыс айтылады.

Сіздердің Саппородағы сенімді әрі жемісті өнер көрсетулеріңіз қазақстандық жанкүйерлерге үлкен сыйлық болды. Сіздердің жеңістеріңіз қазақстандық жас спортшылардың зор әлеуеті мен болашағын дәлелдеп берді. Сіздердің бойларыңыздағы шеберлік, жігерлілік, қайсар мінез xалықаралық аренада біздің елдің намысын абыроймен қорғауға мүмкіндік берді. Дарынды спортшылар осы жеңістерінің арқасында есімдерін Қазақстандық жоғарғы жетістіктер спорты тариxының тағы бір жарқын парағын жазып отыр. Осынау жетістікке жетуде спортшылардың дайындығына зор үлестерін қосқан жаттықтырушылар мен мамандардың да еңбегі зор. Біз Сіздерді шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!”.


2017 жылғы Саппородағы VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан 9 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 4-ші орын алды.