3 мамыр

Григорий Егоров - Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкері

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таңдады. Өзгеріске бапкерлер құрамы ғана ұшыраған жоқ. Бұл спорт түрінің құрылым толық өзгереді деуге болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, мамырдың үшінде алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бапкері көпшілікке таныстырылды. Григорий Егоров бұл спорт түрінен көптеген атаққа қол жеткізген маман. Ол таяқпен секіруден 1988 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 1993 жылғы әлем чемпионатында күміске қол жеткізген. Азия ойындарының чемпионы және таяқпен секіруден Азияның рекордсмені.

"Қазақстан құрамасын басқаруға мұүмкіндік берілгені үшін алғысымды білдіремін. Менің тағайындалуым Азия Гран-приімен сәйкес келді. Жеңіл атлеттеріміз ол жерде біршама жеңіске қол жеткізді. Бұл жеңіл атлетикадан болашағамыз барын білдіреді. Ұлттық құрама мен Федерация үлкен бір команда. Біздің басты мақсат - жеңіл атлетикамызыдың деңгейін көтері. Әлемдік жарыстарда жеңіске қол жеткізетін деңгейге", - деді Егоорв өзінің тағайындауына қатысты сөзінде.


Федерацияның басты бағыттарының бірі ұлттық масштабтағы заманауи спорттық бірлестік құру. Осыған байланысты заманауи инфрақұрылым салу бағдарламасы ұсынылды.

"Әзірге құрылыс жоспарлары дайындалып жатыр, біз дайын инфрақұрылымды пайдалануымыз керекпіз. Орталық стадион да жаттығуға берілмейтініне қатысты толқулар болған. Бұл мәселені шешу оңай: келісім жасау керек. Заң жүзінде жаттығу уақыты, ұзақтығы мен өзге де мәселелер нақты бекітілуі қажет. Уақыт өте өзіміздің жаттығатын және жарыс өткізетін орындарымыз болады. Арнайы техникалық база үлкен қалаларда ғана емес, аймақтарда да болатынын айта кеткім келеді", - дейді Алматының жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі Мұхит Әзірбаев.
Бүгінде Жеңіл атлетика федерациясының жаңартылған құрылымында спорттық дирекция, ғылыми-техникалық орталық, қаржылық, заң, медециналық және PR қызмет жұмыс істей бастағанын. Соынмен қатар, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін артыру бойынша бағдарламалар басталғанын атап өту керек.

Vesti.kz