20 ақпан

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина Саппорода өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында 1,4 шақырымдық классикалық стилдегі спринт жарысында күміс медаль еншіледі. Қытай спортшысы Дандан Ман алтын медаль жеңіп алды. Коломина оған бес секунд есе жіберіп қойды. Үшінші орын австралиялық Кэйси Райтқа бұйырды. Қазақстан құрамасы үшін бұл осы Азия ойындарындағы алғашқы жүлде. Қазақстан құрамасының басқа шаңғышылары - Ангелина Шурыга, Тамара Эбель, Марина Матросова В жұбаныш финалына қатысып, сәкесінше бірінші, екінші және төртінші орындарынды иеленді.

Дереккөз: Vesti.kz

Сурет: І.Алдауев