28 сәуір

Қазақстандық атлеттер Азия Гран-При жарысының екінші кезеңін аяқтады

Қазақстандық жеңілатлетшілер Цзиньхуа қаласында өткен Азия Гран-При жарысының бірінші кезеңінен кейін бірден Цзясин қаласына аттанып, екінші кезеңге қатысты.

Бірінші кезең нәтижелері бойынша қазақстандықтар екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдеге қол жеткізді. Екінші кезең қорытындысы одан да жоғары - төрт алтын, екі күміс және бір қола. Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орында тұрса, көшбасында Қытай спортшылары орналасты.

Әйгерім Шыназбекова 100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіруден жеңімпаз атанса, Анастасия Пилипенко тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Үш дүркін Универсиада ойындарының чемпионы Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанса, Элина Михина 400 метрге жүгіруде алғашқы болып жетті. Алтынға, сонымен қатар, қыздар командасы - Римма Кашафутдинова, Светлана Голендова, Юлия Рахманова және Анастасия Тулапина 4*100 м дистанцияда алтыннан алқа тақты.

Күміс жүлдені үш қарғып секіруден Роман Валиев иеленсе, қола жүлдені биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая қанағат тұтты.

30 сәіурде Қытайлық Тайбэйде Азиялық Гран-При жарысының үшінші кезеңі өтетін болады.