19 ақпан

Саппорода Құлыбаев Иранның олимпиадалык комитетінің президентімен спортты бірлесе дамытуға келісім жасасты

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары аясында ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Иранның Олимпиадалық комитетінің президенті Кумарс Хашеми екі жақтылы спортты дамытуға арналған келісім хатқа қол қойды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі. Енді алдағы уақытта Иран мен Қазақстан спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығулары жиі өтуі мүмкін. Оған басты себеп, бүгін Иран Қазақстан Олимпиадалық комитеттерінің басшылары осылай тоқтамға қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін жергілікті уақытпен 16:00 де Азиада ойындарының ашылу салтанаты басталады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жалпы жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл бәсі биік додаға еліміздің намысын қорғауға 153 спортшы келді. Естеріңізге сала кетейік, кеше алғашқы іріктеу сындары басталған болатын. Онда хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, қарсыластарына 0:5 есебімен ұтылып қалды. Ал ертең, яғни 20 ақпан күні біздің хоккейші аруларымыз қытай құрамасымен ойнайды.