12 ақпан

Мерейтойыңыз құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті даңқты спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы мен жүлдегері Әмин Тұяқовты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтайды.

Сіздің есіміңіз Қазақстанның жеңіл атлетикасының дамуымен тікелей байланысты. Бапкерлік қызметте де жемісті еңбек еттіңіз, нәтижесінде ұғымтал шәкірттеріңіздің арасынан бірқатары Азия, Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері атанды.

Сізге зор денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!