22 ақпан

Саппорода Азия Олимпиадалық Кеңесінің Атқарушы Кеңесінің жиыны аяқталды

Саппорода Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) Атқарушы Кеңесінің 69-шы жиыны аяқталды, аталған шараға Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және Орталық Азия бойынша АОК вице-президенті Тимур Құлыбаев қатысты.

Жиын барысында биыл қыркүйек айында Ашхабадта (Түркіменстан) жабық ғимараттарда өтетін V Азия ойындары және 2017 жылы тамызда Джакарта мен Палембанг (Индонезия) қалаларында болатын XVIII жазғы Азия ойындары туралы есептер тыңдалды. Айта кетейік, қос спорттық шара Азия Олимпиадалық Кеңесінің мұрындық болуымен өткізіледі.

Отырыста Азия Олимпиада Кеңесінің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах әлемдік деңгейде қысқы спорт түрлерінің дамуында Азия құрлығының рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Ол, сондай-ақ, АОК мүше Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің допингке қарсы жүргізіп отырған жұмыстары мен оң ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах да ақпанның 19-да «Саппоро Доум» (Sapporo Dome) стадионында ашылуы өткен VIII қысқы Азия ойындарын өткізу үлкен құрмет екенін жеткізді. Ол, сонымен қатар, Саппоро қаласының қысқы спорт түрлерін дамытуға қосып отырған елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Хоккайдо аралығындағы ең ірі қала үшін 1986 және 1990 жылғы қысқы Азия ойындарынан кейін бұл осымен үшінші рет Азиаданы қабылдауы.

“Біз алғаш рет қысқы Азия ойындарын өткізу жөнінде бастама көтергенде тек жеті Ұлттық Олимпиадалық комитет бізді қолдаған болатын. Енді, міне, Азияның үштен екі бөлігі және Австралия мен Жаңа Зеландияны қоса алғанда 32 Ұлттық Олимпиадалық комитет бізбен бірге. 2017 жылғы Азиададан соң келер жылы қысқы Олимпиада ойындары оңтүстік кореяның Пхенчхен қаласында, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Пекинде өтеді. Бұл дегеніміз қысқы спорт түрлері жалпы Азия құрлығында қарқынды дамудың белгісі”, - деді АОК президенті.

VIII қысқы Азия Ойындары ақпанның 19 мен 26 аралығында спорттың 11 түрінен Саппоро мен Обихиро қалаларында өтіп жатыр.