Ойындар / Азия ойындары / Азия Ойындарының тарихы

Азия Ойындарының тарихы

710da2389b86d89f7bf5560666c50da5.jpg

Азия Ойындары алғаш рет 1951 жылы Нью Делиде өтті. Содан бері аталмыш шара әрбір төрт жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Азия Ойындарына бағыт-бағдар беріп, реттеу ісін Азия Олимпиадалық Кеңесі жүзеге асырады. Азия Ойындары, оның эмблемасы, туы және әнұраны Кеңестің меншігі болып табылады. Ойындар ұзақтығы – Ашылу және Жабылу Салтанаттарын қоса алғанда 12 күннен 16 күнге дейін болуы шарт.

Қысқы Азия Ойындары Жазғы Ойындар өткен жылы қатар ұйымдастырылмайды.

Азия Олимпиадалық Қозғалысының тарихы, сондай-ақ құрылықтағы қысқы спорт түрлерінің даму қарқыны, аталмыш ойындардың тек спорттық шара деңгейінен әлдеқашан қоғамдық-саяси маңызы бар шараға айналғанының дәлелі.

Көптеген Азия мемлекеттері бұл шараны Олимпиада Ойындарымен терезесі тең санайтындығын байқауға болады. Бүгінде қарқынды даму кезеңін бастан өткеріп жатқан Қазақстан- Қысқы АЗиялық Ойындар сынды халықаралық дәрежедегі белді шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндігі зор, құрлықтық державалармен иық тіреуге қабілетті мемлекет. Еңбекке қабілетті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарының ашылуына, құрылыс алаңдарының құлаш жаюына, қала инфрақұрылымын жақсартуға, саламатты қмір салтын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының белсенділігін арттыруға, тұрғындардың, әсіресе студенттердің шетелдік меймандармен араласуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.

aef48da2585e67f0445b0f0bb30dff47.jpg

Бұл деңгейдегі шараның Алматыда өтуі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Қазақстанның рөлін тағы бір айшықтайды. Оның сан-салада даму көрсеткіштерінің жоғары екендігін паш етеді. Әлемдік даму белестерін бағындыруға қауқарлылығын көрсетеді.