ҚР ҰОК президенті

ҚР ҰОК президенті

121211

Тимур Асқарұлы ҚҰЛЫБАЕВ - президент

ӨМІРБАЯНЫ

1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, мамандығы – экономист (1988 жыл).

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 ж).

Бірқатар ғылыми еңбектері бар.

Еңбек қызметі:

  • 1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ).
  • 1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры.
  • 1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.
  • 1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.
  • 1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі (төраға орынбасарының құқығында).
  • 1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.
  • 1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.
  • 2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).
  • 2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті.
  • 2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
  • 2006-2007 жж. – «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
  • 2005 жылдың 10 қазанынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығына басшылық етті.
  • 2013 жылдың 9 қыркүйегінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағалығына сайланды.

Спорттық мекемелер:

  • 2004 жылдан бастап «ҚР Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі.
  • 2009 жылдан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті.
  • 2010-2015 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы комитетіне мүше.
  • 2011 жылдан бастап «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицейдің қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
  • 2012 жылдан бастап Халықаралық бокс ассоциациясы(AIBA) атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті.
  • 2012 жылдан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясының» төрағасы.
  • 2014 жылдан бастап Ұлттық Олимпиада комитеттерінің қауымдастығына мүше.
  • 2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, ҚР ҰОК атқарушы комитетінің төрағасы.
  • 2016 жылдың сәуір айынан бастап Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.

Халықаралық және шетелдік компаниялар:

  • 2008 жылдын бастап – (World Petroleum Council) Бүкіләлемдік мұнай кеңесі қазақстандық ұлттық комитеттің тең төрағасы.
  • 2010-2014 жж. – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастықтың іскер кеңесі жөніндегі тең төрағасы.
  • 2011 жылдан бастап – «Газпром» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық компаниялар директорларының кеңестері:

  • 2006-2007 жж., 2008-2011 жж. – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2009-2011жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің тең төрағасы.
  • 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының марапаттары:

  1. «Құрмет» ордені (2001 ж.)
  2. Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)
  3. Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)
  4. «Қазақстан Конституциясына-10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
  5. «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.)
  6. «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
Ресей Федерациясының марапаттары:
  1. «Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)
  2. Ресей мүфтилер кеңесінің «Әл-Фахр» ордені(2010-2016 жж.).
  3. II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПШ, 2010 ж.)
  4. «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)
Қосымша ақпарат:
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
  • Гольф, тау шаңғысы, футбол ойындарымен шұғылданады.
  • Үйленген (жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т.), үш бала – бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т) тәрбиелеп отыр.